Білімді ұлт — білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы

«әл-Фараби» мектеп-лицейінде 15 мамыр күні сағат 18.30-да «Білімді ұлт — білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілуде.

Ата-ана жиналысы Халықаралық отбасы күніне (15 мамыр) арналады.

Өткізу форматы: жалпы мектептік ата-аналар жиналысы және білім деңгейлері бойынша ата-аналар жиналысы.

Қатысушылар: ата-аналар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың өкілдері, «Демеу» балалар мәселері бойынша коммерциялық емес жекем мекеме психологы Р.С.Баймухаметова және «Юстади» филиалының директоры Б.Теңсел.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелері:

  • «Жыл табысы»: республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері; ( Н.Б.Камзин, А.С.Исина)
  • Мектеп оқушыларын тәрбиелеу негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру; бейне-ролик,( З.К.Жиентаева)
  • 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары; бейне-ролик, ( Н.Б.Камзин, А.С.Исина)
  • «Юстади» филиалының директоры Бақыт Теңсел.
  • Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын диагностикалаудағы жаңа тәсілдер: қалыптасу технологиялары;( Р.С.Баймухаметова)
  • Оқу процесін цифрландыру; бейне –ролик, ( Д.С.Искаков)
  • Мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту –бейне-ролик.
  • Ата-аналарды марапаттау.

Ата-аналар жиналысына қатысқан ата-аналардың саны — 213, ұстаздар — 35.

Ата-аналарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің таратқан жадынамалары таратылды. Күн тәртібіне сай жиналыстың барысы өтті.Ата-аналарға отбасы күніне орай оқушылардың дайындаған шағын концерттік бағдарламасы ұсынылды. Жиналыс соңынан үлгі тұтар, мектеп өміріне белсене араласып, баласының жан- жақты дамуына жағдай жасап, қолдау көрсеткен үлгілі де өнегелі отбасылар марапатталды

Дата публикации: 18.05.2018